Қазақстандық өнертапқыш өзінің жеке автокөлігін құрастырып шықты | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстандық өнертапқыш өзінің жеке автокөлігін құрастырып шықты

80
2 минуты
Қазақстандық өнертапқыш өзінің жеке автокөлігін құрастырып шықты

Ақмола облысы Державинск қаласының тұрғыны Тимур Мырзабеков автокөліктің жобасын жасап, оны өз күшімен құрастырды, деп хабарлайды КЖА.

Ол үш дөңгелекті көлікті «Тұлпар Монотрайк» деп атады. Машина әйгілі спорттық Lotus Seven-ге ұқсайды, тек жүргізушіге арналған орын бар, бірақ, қозғалысқа қажетті жарық техникасымен және артқы көрініс айналарымен жабдықталған.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 09.49.03(1).jpeg

Трайктің негізі 25 миллиметрлік профильді құбырдың жақтауынан жасалған. Техникалық құрылымы әртүрлі агрегаттардан құрастырылған: 15 аттың күші бар қозғалтқыш мототехникадан, тежегіш жүйесі мен беріліс қорабы – артқы жетекті ВАЗ-дардан, рөл рейкасы – Volkswagen Golf II-ден алынған. Ал рөл бағанасын өнертапқыш өзі құрастырып шыққан.

Қозғалтқыштың қуаты аз болғанымен, оның күші көлікті сағатына 60-70 шақырымға дейін жылдамдатуға жеткілікті. Тимур жанармай шығынын өлшемеген, бірақ, бес литр бензин екі күндік сапарға жететінін атап өтті.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 10.07.12.jpeg

Ер адам өз өнертабысының негізгі мәні трайк құрылысы емес, қазақстандық шеберлердің мүмкіндіктерін көрсету деп біледі.

«Мен оны қазақстандық өндіріс ретінде ұсынамын. Қазақстанда мен сияқты ерекше көліктер ойлап таба алатын адамдар бар екенін көпшілік көрсе екен деймін. Идея арзан және қарапайым құрастырылған көлік құралын жинау болды.

«Тұлпар Монотрайктың» ерекше сыртқы дизайны, сондай-ақ ұқсас шетелдік санаттағы автомобильдерден ерекшеленетін өзіндік конструкторлық шешімдері бар», – деп түсіндірді Тимур Мырзабеков.

Сондай-ақ ол трайктің агрегаттық базасын өзгертуге болатынын атап өтті. Конструкция басқа қозғалтқышты, беріліс қорабын және басқа түйіндерді орнатуға мүмкіндік береді.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...