Иисус Христостың өмірде болғанын дәлелдейтін ежелгі тарихи деректер | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Иисус Христостың өмірде болғанын дәлелдейтін ежелгі тарихи деректер

21
8 минут
Иисус Христостың өмірде болғанын дәлелдейтін ежелгі тарихи деректер
Бұдан бұрын сайтымызда Иисус Христостың өмірде болғанын дәлелдейтін деректер жариялаған едік. Ертеректе жарияланған мақалада ғылыми деректер келтіріп өттік. Алайда археологиялық дәлелдерден бөлек тарихи деректер де бар. Иисус Христостың жер бетінде болғанын, өмір сүргенін айтатын Евангелиядан бөлек, ол туралы тарихи трактаттарда екі мың жыл бұрын ғұмыр кешкені жайында айтылады. 


Иосиф Флавий

1-ғасырда өмір сүрген еврей тарихшысы Иосиф Флавий шамамен 93–94 жылдары жазылған өзінің «Еврей тарихында» (Antiquitates Judaicae) атты еңбегінде Иисус Христосты екі рет атап өтеді. Бұл ескертпелер тарихшылар үшін маңызды, себебі олар Мәсіх туралы христиан еместердің куәліктері ретінде қарастырылады.

Фото 1 Иосиф Флавий. Источник pinterest.jpg
Сурет: Иосиф Флавий. Дереккөз: pinterest.com

Иисусты алғаш рет атап көрсеткен кітапта (Флавияның куәлігі -  18 кітап, 3 бөлім, 3 тармақ) ол туралы біраз деректер көрсетілген. Мәселен, мынадай үзінділері бар: 

«Бұл уақытта адам деп айтуға болса өте данышпан Иисус деген кісі өмір сүрді. Ол тамаша істерді жасап шығарушы, ақиқатты қуана-қуана қабылдаған адамдардың жетекшісі болды. Ол көптеген иудейлер мен эллиндердің назарын өзіне аударды. Ол Христос еді. Ал біздің алғашқы адамдарымыздың айтуы бойынша Пилат оны крестке әкеп тіріледі, бірақ оны бұрын оны жақсы көргендер тастамады. Ол үшінші күні тірі түрде оралып, киелі пайғамбарлардың айтқанындай, көптеген басқа таңғажайып оқиғалармен бірге көрінді. Әлі күнге дейін оның атымен аталған христиандардың тайпасы бар».

Алайда бұл үзінді түрлі пікірталастар тудырады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, мәтін түпнұсқа түрінде сақталмаған. Мәтінге "Христос еді" деген сөзді кейінірек христиандар қосқан. Ал тарихшының екінші рет Иисусты айтуы (20 кітап, 9 бөлім, 1 тармақ) бұндай пікір қайшылығын аз тудырады. Алайда ол Христостың өзі туралы емес, Иаков атты бауыры жайында. 

«Шамамен осы уақытта басты діни қызметкер Ананий... Синедрион сотын жинап, оларды Иса Мәсіх деп аталған Иаковтың, Исаудың бауырының, және басқа да бірнеше адамның алдына алып келді. Ол оларды заңды бұзғаны үшін айыптап, таспен ұруға бұйырды».

Бұл деректер Иисустың өмірде тарихи тұлға ретінде болғанын дәлелдейді. Иаков Иерусалимдегі ежелгі христиандар қауымдастығында маңызды тұлға болды. Бұл мәтіннің маңыздылығы сонда - Иисусты иудейлер мен римдіктер христиан дәстүрінен тыс қабылдағандығы. 


Тацит

Рим тарихшысы Тацит болса, Иисусты өзінің "Анналдар" атты шығармасында атап өтеді. Бұл шамамен біздің заманымызға дейін 116 жылы болған. Нерон императоры тұсында христиандардың қудалауға ұшырағаны туралы айтылды. 15 кітапта Нерон Римде 64 жылы болған үлкен өртке христиандарды айыптайды, бұл мәтінде Иисусты да атап өтеді. Оны "Христос" деп атайды. 


Фото 2 Тацит в представлении художника начала XX века. Источник Википедия.jpg
Сурет: Тацит XX ғасырдағы суретшінің көзімен. Дереккөз: «Википедия»

"Осы уақытта Нерон Римді өртегені үшін айыпталған христиандарды қатыгез жазалауға ұшыратты. Бұл халық өз атауын Тиберий патшалық еткен уақытта Понтий Пилаттың шешімімен айыпталып, крестке тарылған Христос есімімен алды", – деп жазады Тацит өзінің «Анналдар» шығармасының 44-тарауында, бұл ол туралы тарихи нұсқаны растайды.

Тағы бір үзіндіде христиандықтың қудалауға ұшырағанына қарамастан маңызды қозғалыс болғаны жайында айтылған: 

"Бұл халық ішіндегі көптеген адамдар өлтірілгені туралы алып-қашпа әңгімелерді тоқтату үшін ол (Нерон) оларды көпшіліктің көзінше азаптап өлтіруді ұсынды".

Фото 3 Пожар в Риме. худ-к Юбер Робер, 1785 г.jpg
Сурет: Римдегі өрт. Суретші Юбер Робер, 1785 жыл

Тациттің римдік сенатор және тарихшы болғаны белгілі. Ол өзінің туындыларын римдік аудиторияға лайықтап жазған. Христиандар мен Иисус туралы сөздер позитивті түрде берілмеген, бейтарап тіпті негативті түрде берілген. Бұл римдік тарихшының Иисус Христостың тұлғасына деген жақтырмаушылығын білдіретіндей. 

Светоний, кіші Плиний және Самосаттан шыққан Лукиан 

Антикалық авторлар Светоний, кіші Плиний, Самосаттан шыққан Лукиан кәсіби тарихшылар болмаған, алайда христиандық қауымдастық пен оның негізін қалаушысын тілге тиек еткен. 

Рим императорларының биографиясын жазған Светоний (69-122 жылдарға жуық) өзінің "Он екі цезарьдың өмірі" атты еңбегінде Клавдий императорды атап өтіп келіп мәтінде христиандарды да айтады. Еврейлердің Римнен қуылғанын "Христос жасаған үздіксіз толқындардың әсері" деп түсіндіреді. Бұл дерек қысқа болса да, христиандардың Римде болғанын, билік тарапынан қызығушылық тудырғанын көрсетеді. 

"Христос тудырған толқулардың әсерінен ол (Клавдий) Римнен барлық еврейді қуып жіберді". 

Кіші Плиний болса (61-113 жылдарға жуық) Траян императорға б.з.д. 110 жылдары хат жазып, өзінің Вифиния провинциясында христиандармен байланысқанын айтады. Ол христиандар жексенбі сайын жиналғанын, Христосқа Құдай ретінде қарап әнұран айтқандарын, өздерінің діни нанымдарын талқылағандарын жазды. Плиний христиандардың бұл дәстүрі кең таралғанына алаңдаушылық білдірді, христиандарды қудалау мен азапқа ұшыратты. Оның себебі христиандарды өз діни сенімдерінен тайдыру болатын. Бұл хат та ежелгі христиандық кезеңде христиандық қауымдастықтың болғанын дәлелдейтін маңызды құжат ретінде саналады. 


Фото 4 Обложка советских переводов Плиния.jpg
Сурет: Пилинийдің кеңес кезінде аударылған кітабының мұқабасы 

«Бұл провинцияда христиандар ретінде саналатын көптеген адамдар өздерінің діни наным-сенімдерінен бас тартпайтынын түсіндім. Олар белгіленген күні Христосқа Құдай ретінде ән арнау үшін жиналады және белгіленген дәстүрді сақтау үшін ант береді».

Ал 120-180 жылдар шамасында өмір сүрген Самосаттан шыққан сатирик жазушы Лукиан өзінің әңгімелерінде христиандарды атап өтіп, оның негізін қалаушы мен өздерін қалжыңға сүйейді.

Ол христиандарды «креске тартылған дананы» құдай деп табатын адамдар ретінде сипаттайды және олардың мораль мен махаббат идеалдарына берілгендігін күлкілі деп санайды, бірақ сонымен қатар христиандықтың көптеген ізбасарларын тартатынын мойындайды:

«Олар крестке тартылған данаға табынады және оның ілімін ұстанады, оны Құдай деп санайды».

Лукиан әртүрлі діни практикалар мен философиялық идеяларды жиі мазаққа ұшыратып отырды, бұл өзінің христиандарға деген теріс көзқарасынан болуы мүмкін. Оның еңбегі Иисус Христостың шын мәнінде өмірде болғаны туралы тарихи дәлел бола алады. 

Кейбір мәтіндер айналасындағы әртүрлі пікірталастарға қарамастан Иисус Христосты өзінің еңбегінде атап өткен антикалық дәуірдің тарихшылары мен жазушылары христиандардың Құдайы өмірде болғанын дәлелдейтін тарихи деректер қалдырып кетті. Әсіресе, олар сыни немесе бейтарап көзқарас таныта отырып, автордың діни ықпалға тәуелсіз екенін көрсетті. 

Осылайша тарихи деректер археологиялық қазба жұмыстарымен бірге Иисус Христосты діни символ ретінде ғана емес, шын мәнінде өмір сүрген адам ретінде көрсетеді. Оның өмірі адамзат тарихындағы ең маңызды қозғалыстың тууына арқау болғаны жасырын емес. 
  • Комментарии
Загрузка комментариев...