2025 жылы Масленица қашан тойланады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

2025 жылы Масленица қашан тойланады

45
4 минуты
2025 жылы Масленица қашан тойланады
Масленица – шығыс славян халықтарының дәстүрлі мерекесі, ежелгі әдет-ғұрыптардың ерекше көрінісі. Бұл мереке әрдайым Православ шіркеуінің маңызды кезеңі – Ұлы постқа дайындықтың соңғы аптасымен сәйкес келеді.

2025 жылы Масленица апталығы 24 ақпаннан 2 наурызға дейін жалғасады. Шіркеулік күнтізбеде бұл кезең Сырная седмица деп аталады – Ұлы посттың алдындағы соңғы апта. Осыған байланысты пост 3 наурызда басталып, 19 сәуірде аяқталады, ал 20 сәуірде Пасха тойланады.

Масленицаның мәні мен мағынасы

Халық арасында Масленица қыстың аяқталып, көктемнің келуін білдіретін кезең ретінде қабылданған. Тарихшылардың айтуынша, христиандыққа дейін шығыс славяндар Масленицаны көктемгі күн мен түн теңелген кезде – 22-24 наурызда атап өткен. Бұл уақыт шығыс халықтарының Наурыз мейрамымен сәйкес келеді. Бірақ православиенің таралуымен Масленица Ұлы пост алдындағы кезеңге ауысып, Пасханың күніне байланысты тойланатын болды.

Көктемнің келуі егіншілік маусымының басталуын білдіретіндіктен, Масленица мүсінін өртеу – жерге жасалған құрбандық, молшылық пен жақсы өнімге тілек ретінде қарастырылған.

Сондай-ақ, бұл мереке кезінде халықтық серуендер, мол дастархан, спорттық жарыстар, ән мен би кештері ұйымдастырылған. Ата-бабаларды еске алу дәстүрі де маңызды рөл атқарған. Этнографтардың айтуынша, бүгінде Масленицаның басты символы саналатын құймақтар бастапқыда еске алу асына арналған тағам болған.

Фото 1.jpg
Бастапқыда құймақтар марқұмдарды еске алуға арналған тағам болған

Православие шіркеуі тұрғысынан Масленица діни мейрам болып саналмайды. Дегенмен, бұл кезең рухани тазару үшін маңызды уақыт ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы аптада адамдар туыстары мен жақындарына барып, араздықты ұмытып, кешірім сұрап, сондай-ақ қайырымдылықпен айналысуы тиіс.

Фото 2.jpg
Самаурынмен дайындалған хош иісті шай – Масленица мерекесінің ажырамас бөлігі

Православие дәстүріне сәйкес, Масленица аптасында тойып тамақ жеуден және ішімдіктен бас тарту, алдағы Ұлы постқа рухани дайындалу ұсынылады. Сырная седмица кезеңінде еттен бас тарту қажет, бірақ сүт өнімдері, жұмыртқа және балық жеуге рұқсат етіледі.

Күндер бойынша Масленица дәстүрлері

Масленица аптасы екі кезеңге бөлінеді: Тар Масленица (дүйсенбі-сәрсенбі), Кең Масленица (бейсенбі-жексенбі)
Әр күннің өзіндік атауы мен дәстүрлері бар:
  • Дүйсенбі – Кездесу. Алғашқы құймақтар пісіріліп, дәстүр бойынша кедейлерге немесе үйсіздерге таратылады.
  • Сейсенбі – Ойын-күлкі. Бұрын қалыңдық қарау рәсімі осы күні ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Масленица мүсіні орнатылады.
  • Сәрсенбі – Дәмді күн. Кең Масленица басталады. Бұл күні күйеу бала енесіне қонаққа барып, қалағанынша құймақ жей алады.
  • Бейсенбі – Қызыққа толы күн. Барлық шаруашылық жұмыстары тоқтатылып, төбелес ойындары, шанамен сырғанау, қар қалашықтарын қорғау жарыстары ұйымдастырылады.
  • Жұма – Ене кеші. Бұл күні күйеу жігіт әйелінің анасын қонаққа шақырып, құймақпен сыйлайды.
  • Сенбі – Жеңге кеші. Жас келін күйеуінің қарындасына құймақ әзірлеп, сыйлықтар береді.
  • Жексенбі – Кешірім жексенбісі. Бұл күні адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, реніштерін ұмытады. Мерекенің соңында Масленица мүсіні өртеліп, қыспен қоштасу рәсімі жасалады.
Фото 3.jpg
Масленицаның соңғы күнінде қысты бейнелейтін мүсін өртеледі

Бүгінде Масленица көбінесе соңғы күні – жексенбіде кеңінен аталып өтеді. Қазақстанда да бұл мереке халықтық серуендермен, концерттермен және дәстүрлі Масленица мүсінін өртеумен атап өтіледі.

2025 жылы Алматыда Масленица мерекесі Family саябағында өтеді. 2 наурызда мұнда концерт, сайыстар, ойындар ұйымдастырылып, дәстүрлі Масленица мүсіні өртеледі.
  • Комментарии
Загрузка комментариев...