Юрий Шатунов пен ғарышты не байланыстырады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Юрий Шатунов пен ғарышты не байланыстырады

5188
4 минуты
Юрий Шатунов пен ғарышты не байланыстырады

Алматыдағы обсерваторияда ән өнерінің жұлдызы, Ресейдің ғана емес, Қазақстан халқының да жүрегінен ойып тұрып орын алған миллиондардың кумирі Юрий Шатуновқа арналған көрме өтті. Егер тірі болғанда әнші 50 жасқа толар еді..

Өмірден ерте кеткен әншіні қазіргі таңда тыңдармандары ғарышкермен салыстырады. Неге десеңіз, екі Юрийдің ғұмыр жолдарында ұқсастық аз емес екен. Екеуі де ауылда туған, ауылда туғандарын мақтаныш еткен. Екеуі де Орынбор қаласында танымал болып, осы жақтан өмірлік жарларын тапқан.

Юрий Шатуновтың жұлдызы орынборлық балалар үйінде жанды.

Тыңдармандар екі Юрийді неге салыстырады десеңіз, сыртқы келбеттері, шынайы күлкілері, беттерінен көрінетін сүйкімді ойық: бәрі-бәрі ұқсайды. Екі Юрий де – бір ғасырда бір туатын тұлғалар.

Қазақстанда Шатуновтың фан-клубы бар. Ол тек қазақстандық тыңдарманды тоғыстырмайды, әлем бойынша әншінің жанкүйерлерін біріктіреді. Қазақстандық фан-клубтың күшімен «Юра – Сен Ғарышсың» атты жоба құрылды. Жоба құрамында музыканттар, әншілер, суретшілер бар. Оны дизайнер Мишель Готик пен серіктесі Изабелла Майер құрған. Олар әншінің құрметіне бейнебаян түсіріп, концерттер, науқандар, шығармашылық кештер ұйымдастырады. Әншінің өмірден озғанына екі жыл толуына орай көрме жасаған да – солар.


Мишель Готиктің сөзінше, көрме аяқ астынан ұйымдастырылған. Өмірден озғанына бір жыл толғанда Алматыдағы Вознесендік кафедралды соборда үлкен концерт өткен.

Фан-клуб өкілдері астрономдармен кездесу өткізіп, осы уақытта қай жұлдыз жақсырақ жарқырайтынын анықтаған. Мамандардың пікірінше, Арктур – ерекше әдемі жұлдыз екен.

Арктур аспанда тез қозғалып, әлемнің қай түкпірінен болса да анық көрінетін аспан денесі. Солтүстік жарты шардың жарқыраған жұлдызы Қазақстаннан да жыл бойы анық көрініп тұрады. Аталған жұлдыз тек сұлулығымен ерекшеленбейді. Ол түнгі аспанда өз орнын өзгертуімен де танымал. Жұлдыздың қозғалысын алғаш рет ағылшын астрономы Эдмунд Галлей 1917 жылы байқаған. Жұлдыздың қозғалу жылдамдығы – секундына 122 шақырым.

Арктур жалғыз қозғалмайды. Жұлдыздың жанында 50 шақты аспан денесі еріп жүреді. Жылдамдық пен қозғалыс бағыты бірдей, сондықтан ғалымдар қозғалатын нысандарды Арктур ағынына біріктірді.

Сарғыш түсті алып нысан 7,1 млрд жыл бұрын пайда болған. Егер Арктурдың жарқырау деңгейін Күнмен салыстыратын болсақ, жұлдыз әртүрлі параметр бойынша 110-180 есе жарық болар еді.

Жұлдыз туралы не үшін сөз болып жатыр десеңіз, аспанда жарқыраған осы бір нысан әнші өмірден өткенде қаттырақ жарық берген. Юрий Шатуновтың өзі праволсавие дінін ұстанған адам. Әртісті жерлеу рәсімі екі жыл бұрын Мәскеудегі Троекуров зиратында өтті.

Юрий Шатуновқа арналған көрме ұйымдастырушылары көрмеге халықаралық көркем мектеп «Графиканы» қонаққа шақырған. Мектеп оқушылары «Ғарыш» тақырыбында өз жұмыстарын жазып, дайындап әкелген.


«Бұл біз үшін расымен ең жұлдызды жоба. Өйткені ол аңызға айналған Юрий Шатуновпен байланысты. Және жұлдызды аспанмен де байланысты.

Бұл расымен ғажап, біз аспанға қарап, жұлдыздарды тамашалап отырғанда ойымызға өлең шумақтары түседі. Түнгі, жұлдызды пейзаж, өзінің сұлулығымен тапсандырған ғажайып ғарыш, суреттің бір тұсында әншінің көк жанары көрінеді. Фантазия деген осылай туады екен! Бұл жолы жоба аясында біз көрмені телескопқа жақын жерде обсерватория бағанында өткізуге шешім қабылдады. Өйткені жұлдызды аспанды бақылауға болады. Жұлдызды аспанға немесе телескопқа қараған сайын ғарыш әрқашан әртүрлі әрі ғажап болып көрінеді. Бұл көрмеде біз ең жарық жұлдызды, ғарышты, сүйікті обсерваториямыз бен ракетаны көрсеткіміз келді. Жұлдызға кеткен кумирге сәлем жолдағымыз келді. Ғарыш – қазіргі таңда Юраны қоршап тұрған нәрсе, біз үшін ол тірі. Әншімен, сазымен жадымызда. Ал оның жаны аспанда, жұлдыздар арасында», - дейді Мишель Готик.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...