Голливудты бағындырған режиссер Тимур Бекмамбетов 63 жаста | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Голливудты бағындырған режиссер Тимур Бекмамбетов 63 жаста

3308
6 минут
Голливудты бағындырған режиссер Тимур Бекмамбетов 63 жаста

25 маусым күні даңқты отандасымыз Тимур Бекмамбетов туған күнін атап өтеді. Атақты режиссер Ресей Федерациясының атынан танылса да, Қазақстанның Атырау қаласында 63 жыл бұрын дүниеге келген.

Кинорежиссер, сценарист, қоюшы суретші, продюсер, технологиялық кәсіпкер, Bazelevs компаниясының негізін қалаушы болмай тұрып Тимур Бекмамбетов әкесінің қалауы бойынша Мәскеу энергетикалық институтында оқыған. Алайда жүрек қалауы ол емес екенін түсінген. Ішкі жан қалауын тыңдаған ол театр ортасына тап болады. 26 жасында А. Островский атындағы Ташкент театралдық-көркем институтын театр және кино мамандығы бойынша бітірген ол Мәскеуде мансап құрмақ болады. Өйткені Мәскеу жас кинематографистерге зор мүмкіндік сыйлайтын.

https://iapn.kz/upload/medialibrary/dff/dfff014d4af45a79a7aef42651f80a60.jpg

Қазақстандық режиссер алғаш рет «КАМАЗға» жарнама түсіріп, «Танктер кірден қорықпайды» деген сәтті сөзді жарыққа шығарды. Кейін Тимур Бекмамбетов «Империал Банкінің» тапсырысы бойынша түсірілген «Бүкіләлемдік оқиға» атты роликтер желісін шығарады. Бейнежарнама Иннокентий Смоктуновский, Александр Гуревич, Владимир Машков секілді ресейлік кино жұлдыздарының қатысуымен 1992-1997 жылдар арасында түсірілді. Дәл осы роликтер желісі Тимур Бекмамбетовтің атағын шығарып, ол күллі халыққа танылды. Алайда «Империал Банкі» оны банкрот болудан құтқара алмады.

Реклама Банка Империал
Империал Банкінің жарнамасы

Режиссер жоғары марапаттарға ие бола бастады. Тимур Мәскеу халықаралық жарнама фестивалінде «Алтын алмаға» ие болып, Хьюстондағы халықаралық кинофестивальдің Алтын медалін алды.

Ресей жарнама академиясының мүшесі Тимур Бекмамбетов жарнама өзі үшін тар деңгей екенін жақсы түсінді. ВГИК сценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсына оқуға түскен ол кейін 1994 жылы «Пешавар вальсі» атты дипломдық жұмысын түсіреді. Бекмамбетов тағы да марапаттарға ие болды. Сан-Ремо кинофестивалінің бас марапатын алды, Карловы Вары мен Кинотавр фестивальдарында да марапатталды. Режиссер енді өз күші мен талантына сеніп, кинематографияда ауқымды жобалар ала бастады. «Ночной Дозор» алғашқы 14 күннің ішінде 26 миллион доллар табыс әкелгені баршаға мәлім. Миллиондаған көрермен Ресей кинотеатрларын толтырды.

Тимур на съемках

«Ол – айдаһар» кинофэнтезиі болса, Ресейде сәтсіздікке ұшыраса, Қытайда үлкен танымалдыққа ие болды.

Анджелина в фильме Тимура

Осыдан кейін Тимур Бекмамбетовтың шын мәнінде жұлдызды сәті басталды. Голливудта қазақстандық Марк Миллардың «Ерекше қауіпті» (Universal Pictures, 2008 жылы прокатқа шықты) комиксін экранға шығарып, әлемдік киноның ең жарық жұлдыздары Анджелина Джоли, Морган Фримен, Джеймс Макэвойлармен жұмыс істеді. Прокатта 340 миллион доллардан көп қаражат жинаған фильм Universal студиясының жылдық рекордын орнатып, «Оскар» жүлдесінің номинацияларын жеңіп алды.

Тимур с Тимом Бертоном

2009 жылы Тимур Бекмамбетов пен продюсер Тим Бертон «Тоғыз» атты анимациялық лентаны жарыққа шығарды. Тим Бертонмен бірге жұмыс істеу деген сөздің өзі әлемдік режиссерлермен иық тірестіру дегенді білдірсе керек.

Продюсер ретінде Бекмамбетов «Аполлон 18», «Фантом», «Токтар соғысы» атты фильмдерде еңбек етті.

Тимур с Морганом Фрименом

Тоғыз бөлімнен тұратын «Шыршалар» эпопеясын түсіріп, 6 млрд рубльден аса ақша тауып, режиссердің бұл жұмысы РФ бойынша кассаны ең көп жинаған топ-40 фильмнің қатарына енді.

Тимур Бекмамбетовтың өзі үшін де, көрермен үшін де маңызды туындысы бар.

Платья бренда Ксенюшка
Ксенюшка брендінің көйлектері

Режиссер «Ксенюшка» православиялық киім сататын интернет-дүкеннің ашылуына қатысқан. Негізінде «православиялық христиандық құндылықтар» жатқан әйелдерге арналған киімді Тимур Бекмамбетовтың серіктестері жарыққа шығарды.

Бұл киімдердің негізінде нәзіктік пен сұлулық жатыр. Дүкен Ксения Петербургскаяның құрметіне «Ксенюшка» деп аталған. Кірістің тоғызыншы бөлігін Әулие-Ксениелік монастырьға жіберіп отыру көзделген.

Киімдер желісі әлі де жұмыс істейді.

Тимур - холодные съемки

Тимур Бекмамбетовтың өзі ешқашан қай дінді ұстанатынын ашық айтқан емес. Тек шеркеш руына жататынын айтқан. Алайда шығармашылық жолына үңілсек, адамгершілік құндылықтың ол үшін бірінші орында екенін түсінуге болады. Алайда бір рет ырым туралы айтқан. Тимурдың жолына қара мысық кездескенде ол айналып өткен.

Тимур Бекмамбетов заманауи технологияларды жиі қолданады. 2019 жылы режиссер танымал адамдардың дауысын салатын Vera Voice технологиясын жарыққа шығарса, 2020 жылы Parodist мобильді қосымшасын шығарған. Ол ресейлік App Store-да TikTok-тан кейін ең көп жүктелген қосымша болды.

Тимур и новые технологии

2021 жылы Бекмамбетов Microsoft компаниясымен серіктесе отырып ScreenReality интерактивті контент платоформасын шығарды. Бұл технология фильмдер мен сериалдарда аталған тауарлар мен қызметтерге сілтеме бойынша өтуге көмектеседі. 2021 жылы Bazelevs компаниясы Fast Company нұсқасы бойынша әлемдегі ең инновациялық компаниялар тізіміне Ресей атынан енген жалғыз компания болды.

Анджелина Джоли - попади в яблочко, Тимур

Қазақстандықтар әлемдік деңгейде танылған режиссермен мақтанады. Тимур деген есімнің өзі түрік тілінен аударылғанда «темір» дегенді білдіреді. Ата-анасы бәлкім ұлдары 1336-1405 жылдары әлемді жаулаған Тимур (Тамерлан) бабасы сияқты болсын деп ырымдаған шығар? Расымен біздің отандасымыз Тимур Бекмамбетов кинематография саласында ойып тұрып орын алып, бейнетехнология индустриясының көшбасшысына айналды.

Қазақстанда туып, Ресейде танылып, Голливудты бағындырған алғашқы қазақ Тимур Бекмамбетов бүгін пайғамбар жасына толып жатыр.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...