Қазақстандағы зорлық-зомбылық қылқалам ұшында | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстандағы зорлық-зомбылық қылқалам ұшында

160
9 минут
Қазақстандағы зорлық-зомбылық қылқалам ұшында

Алматыдағы «Тұран» университетінде «Erkin ayel» іс-шарасы өтті, онда зорлық-зомбылықты бастан өткерген әйелдердің тарихын жеткізген суретшілердің картиналары көрмеге қойылды.

Эмоционалдық жылу мен әйелдердің бірлігі сезілген атмосферада «Erkin ayel» көрмесі ашылды. Университет ректоры Рахман Алшанов өз сөзінде шығыс өнеріндегі әйелдің ерекше рөлін атап өтті:

«Шығыста, Тұранда, әйелдер ерекше орынға ие болды: олар сұлу жаратылыс қана емес емес, ерлермен бірдей күресіп, Отандарын қорғады. Көптеген шығыс ақындары, мысалы, Омар Хайям, соның ішінде Қазақстан аумағында өмір сүрген әйелдерді дәріптеді. Сондықтан XII-XVI ғасырлардағы бұл поэтикалық образ бүгінгі күнге дейін сақталып, тарихта ерекше орын алады. Менің ойымша, бұл көрменің тақырыбы өте маңызды, осы жайында айту керек және насихаттау қажет», - деді ол.

Әр сурет — ауыртпалыққа толы бір тарих

Көрмені ұйымдастырушылар «Тұран» университетінің студенттері зорлық-зомбылық құрбандарын табу үшін әртүрлі ұйымдарға жүгінді. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге маманданған «Жан-Сая» дағдарыс орталығы өз қамқорлығындағы адамдардың оқиғаларын ұсынды. Бұл әңгімелер Қазақстан суретшілеріне көрмеде ұсынылған жұмыстарды жасау үшін берілді. Әр жұмыста автордың атымен қатар, QR-код орналастырылған, оны сканерлегенде, көрермендер картинаның негізі болған тарихты оқи алады.

Мысалы, бір картинада балалармен бірге пойызбен кетіп бара жатқан қыз бейнеленген, ал QR сілтемесінде Альбина есімді баланың атынан әңгіме берілген:

«Әкем мені кішкентай кезімде жақсы көретін, бірақ мен үлкен болған кезде, бірден бәріне кінәлі бола бастадым. Оның жаман көңіл-күйіне, жұмыстағы проблемаларына — ол мені, анамды және інімді соған кінәлады. Қорғансыз балалар мен әйелдерге қол көтеру өте оңай. Бір күні анам біздің қауіпсіздігіміз үшін одан кетуге шешім қабылдады. Мен оны қолдадым. «Ақтөбе-Алматы» пойызы біздің өмірімізді мәңгілікке өзгертті, ол ешқашан бұрынғыдай болмайды, мен осы үшін өте қуаныштымын».

Бұл картина көрменің ұйымдастырушыларының бірі Дамира Найманбаева үшін ең сүйікті жұмыстардың бірі:

«Картина «Бақыт пойызы» деп аталады. Ол мені бәрінен қатты тебірентті. Қыз адамдардан қолдау мен түсінік таппады, бірақ анасы екеуі Алматыға апаратын осы пойызға отырғанда ғана тыныштық тапты, оларды дағдарыс орталығының қызметкерлері қарсы алды».

Фото 6 Дамира Найманбаева и Жибек Кадыр.JPG

Дамира и Жибек

Көрмедегі барлық жұмыстар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген суретшілердің қылқаламынан шыққан.

Дамира: «Біз Жібек екеуміз суретшілерді Instagram арқылы, таныстарымыз, сурет салу мектептері, әлеуметтік желілердегі топтар арқылы, ауызша ақпараттандыру әдісі арқылы іздедік. Біз мүмкіндігінше көп жанашыр адамдарды тарту үшін барлық арналарды пайдаландық, өйткені жобамызды ешкім қаржыландырған жоқ. Тек идея мен оның іске асырылу жолы болды. Біз «Әйелдердің күш-қуаты – оның бостандығында» деп айтуға болатын атау ойлап таптық. Сонымен қатар, іс-шараның логотипін өзіміз жасадық, ал қалған жұмыстарда бізді қолдаған жандар бар. Біз ұйымдастыруда көмектескен барлық адамдарға: университетімізге, «Жан-Сая» дағдарыс орталығына, қатысушылар үшін сыйлықтар мен жүлделер берген «Русский дом» ұйымына, мастер-класс өткізген сарапшыларға және, әрине, суретшілерге алғысымызды білдіреміз».

Қос құрбының идеясы екі айдан кейін жүзеге асты

Дамира мен Жібек университетте танысқан. Олар қоғамның әлеуметтік мәселелеріне арналған курс аясында осы жобаны жасау идеясына бірауыздан келісті. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін өнер арқылы көтеру», –деп Жібек өз идеясын баяндады, оған құрбысы қуана қолдау көрсетті.

«Бұл тақырып біздің ойымызға кездейсоқ келмеді. Мен, шын мәнінде, бұл мәселемен балалық шағымда, көптеген таныстарым мен құрбыларым секілді бетпе-бет кездестім. Дамира екеуміз осы көрмені ұйымдастыруды шештік, қоғамның реакциясын ояту үшін, мәселе жайлы айту үшін. Зорлық-зомбылық мәселесінде «ұят» деген ұғымды ұмыту керек және оның құрбандарына көмектесу қажет. Осы тақырыпта әңгімелесу бізге осы мәселеден арылуға тырысуға көмектеседі», – дейді Жібек Қадір.

Ұят

Қазақстандағы «ұят» ұғымы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына деген көзқарасқа айтарлықтай әсер етеді. Дәстүрлі түсінікте «ұят» тек мінез-құлықты реттеп қана қоймайды, сонымен қатар отбасылық мәселелерді жасыруға себепші болады. «Отбасын ұятқа қалдыру» немесе «үйден кірді шығару» қорқынышы көптеген әйелдердің көмек сұрауына және зорлық-зомбылықты көтеруге мәжбүр етеді.

Дегенмен, соңғы жылдары көптеген әйелдер қолдау тауып, көмек сұрауға жүгінеді. «Жан-Сая» дағдарыс орталығының психологы Гүлжанар Қалауованың айтуынша, олардың әрқайсысы көмек сұраған кезде күйзеліске түседі.

«Көбінесе, бұл жоғалту, әлсіреу, эмоционалдық күйзеліске түсумен байланысты. Әйел не істерін білмей қалады. Көбінесе біз тұрақсыз күймен: қорқыныш, мазасыздықпен бетпе-бет келеміз».

Сонымен бірге күйзеліс тек ананың басында болмайды.

«Бұған қоса, балалар да зардап шегеді. Балалар ресми түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары деп есептелмесе де, олар куәгер болып, аналарымен бірдей азап шегеді. Біз барлық көмектесуге келген адамдарға көмектесуге тырысамыз. Күн сайын 2-3 жаңа жағдай тұрақты түрде тіркеледі. Әйелдер өздері бізге келеді немесе оларды полиция алып келеді. Егер жағдай отбасы-экономикалық шектен тыс болса, біз оларды басқа мамандарға жібереміз. Сондай-ақ, бізге кеңес алу үшін де жүгінеді», – деді Қалауова.

Дегенмен, заң жақсы жаққа өзгеріп жатқанын да айта кету керек. 2009 жылдан бері Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң күшіне енген, оған биылғы жазда бірнеше резонансты жағдайдан кейін өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгеріс – агрессорды жауапқа тарту үшін жәбірленушінің өтініші талап етілмейді. Сонымен қатар, сот агрессорды отбасын сақтау мақсатында психокоррекциялық бағдарламаға қатысуға міндеттеуі мүмкін. Алайда, «Аяулы Жан» әлеуметтік жобасының заңгері және жетекшісі Гүлшара Сапарованың айтуынша, бұл жаңашылдық әлі де толық реттелмеген:

«Заң 4 ай бұрын күшіне енді, бірақ әлі күнге дейін оның орындалуын кімнің бақылайтыны түсініксіз: Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі немесе жергілікті атқарушы органдардың нақты қайсысы айналысатыны айтылмады. Өткен жылы агрессорлармен психокоррекциялық жұмыстар жүргізуге арналған пилоттық жоба болды, ол жақсы нәтижелер көрсетті, бірақ әлі күнге дейін бұл мәселелер заңдастырылмаған. Қазіргі уақытта әйелдермен психологтар жұмыс істейді, бала ресоциализациядан өтеді, бірақ олар сол агрессор тұрған отбасына қайта оралады, агрессор өзгермейді, онымен ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Сондықтан қазіргі уақытта тұйықтан бірден-бір шығу жолы – ажырасу. Әрине, біз осы мәселеде де көмектесеміз, бірақ агрессорлармен жұмыс жүргізу практикасы оң нәтиже беретінін күтеміз».

Фото 8.JPG

Дегенмен, шаңырақты талан-таражға салу – жалғыз шешім дей алмаймыз. Дағдарыс орталығының статистикасына сәйкес, кейбір жағдайларда агрессор өзгеріп, отбасына дағдарыстан шығуға мүмкіндік туады. Бұл, егер отбасындағы барлық мүшелер шын жүректен өзгеріс жасауға ұмтылса, бәрі жақсы аяқталады. Ал әзірге мәселе жайында айту және оны қоғамның алдында көтеру қажет. Осы орайда Дамира мен Жібек еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірін көтеріп, батыл бастама жасағаны рас.

Сурет: АПН

  • Комментарии
Загрузка комментариев...