Аңыз бойынша, XX ғасырдың басында Бақыт есімді жас жігіт Қарлығаш деген қызға ғашық болады. Екі жастың көңілі жарасып, шаңырақ көтеруге бел буады. Алайда, қыз сырқаттанып қалып, той кейінге шегеріліпті...
Жігіт ғашығына қамқорлық танытып, оған себеттің ішіне жеті шырынды апорт алмасын салып жіберген. Екі аптадан кейін қыз ауруынан толық айығып, сөйтіп олар дүбірлетіп үйлену тойын өткізіпті. Содан бері жеті апорт алмасын жеген адам бір жыл бойы ауырмайды, ал Жаңа жылда бұл алманы тілек тілеп жесе, ол тілек міндетті түрде орындалады деген наным бар.
Бірегей және пайдалы десерт «Алматылық алма пастиласын» дайындауға дәл осы жеті алма пайдаланылады. «Алматы пончиктері» наубайханасы екі жыл бойы аталған тауарды өндіріп келеді.
Мұндай тәттіні алма езбесі, аздап қант қосылған жұмыртқа ақуызынан дайындайды. Дайын өнім қант ұнтағы себіліп, қапталғаннан кейін сатылымға шығады.
Пастила қолмен дайындалады, бұл консерванттар мен бояғыштарсыз, ГТА және глютенсіз 100 пайыз табиғи өнім.
Наубайхана технологтары әйгілі Белёв пастиласының рецептін зерттеп, оған антоновканың орнына Алматы апортын қосып бейімдеген.
Апорт қалай алматылық атанды?
Шағын тарихи анықтама. Алманың бұл сорты XIX ғасырда Балқаннан Молдова мен Украина арқылы Ресейдің орталық бөлігіне әкелініп, «Александр Апорты» атауына ие болған деп саналады. Қазір әлемге әйгілі алматылық апорт алмасы 1865 жылы Алматыда пайда болды (ол кезде қала Верный деп аталатын). Көшеттерді Воронеж губерниясынан қоныс аударған шаруа Егор Редько әкелді.
Көп ұзамай бұл алма ағаштары біздің күрт континенттік климатымызда мол өнім берген. Қолайлы климат пен құнарлы жердің арқасында Іле Алатауының бөктері «Апорттың» екінші отанына айналды. Сонымен қатар, басқа аймақтарға қарағанда осы жердегі сорт дәмдірек бола түсті және қазіргі уақытта сорттың ішіндегі атаулары пайда болды: Александр апорты, қанды қызыл, қысқы, қызғылт, түйінді.
1900 жылы Верный уезінің жеміс шаруашылығының нәтижелері Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылды, 1908 жылы – Германияда, Мангейм жемістер көрмесінде ұсынылды, мамандар тарапынан жоғары бағаланып, мақтауға ие болды.
Алматылық пастиланы дайындау технологиясы
Алматы пастиласын дайындау технологиясы құпия сақталады, ал рецептура ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.
Десерттің құрамына алмадан бөлек, жұмыртқа ақуызы мен аз мөлшерде қант кіреді.
Ақуыз алма қабаттарын бір-біріне жабыстыру үшін қолданылады.
Пастила құрамындағы қант міндетті ингредиент болып табылады, әйтпесе онсыз алма десерті ашып кетуі мүмкін.
Алма мен басқа ингредиенттер кондитерлік миксерде араласады, содан кейін мұқият шайқалады.
Содан кейін алынған мамық масса төрт тікбұрышты пішіні бар арнайы парақтарға құйылады.
Алма қоспасы кондитерлік қалақпен мұқият тегістеледі.
Сосын өнім 13 сағатқа 75 градус температурада кептірілу үшін наубайхана шкафына орналастырылады.
Бір ауысымда наубайхана бес қорап жасап үлгереді, әр қорапта салмағы 200 граммнан 12 қаптама бар. Жалпы алғанда, наубайхана күніне 60 тауарлық данаға жуық пастила шығарады.
Кептіру – бұл алма десертін өндірудегі ең маңызды процесс екенін айта кету керек. Пастиланы кептіру маңызды, бірақ оны шамадан тыс кептіріп жіберуге де болмайды. Себебі, температура режимін немесе уақытты дұрыс орнатпасаңыз, өнім бұзылады.
Алма джемін араластырудан басқа бүкіл өндіріс процесі қолмен жасалады.
Бірінші кептіруден кейін пастила қабаттары бір-біріне жабыстырылады, содан кейін тағы төрт сағат кептіріледі, бірақ температура режимі 60 градусқа қойылады
Ең қызығы кептіру процесі толығымен аяқталған кезде басталады: көп қабатты мамық алма торты біртіндеп 200 граммдық тәтті, нәзік кесектерге айналады.
Содан кейін пастилаға қант ұнтағы себіліп, қораптарға қапталады. Алма пастиласын алты айдан тоғыз айға дейін сақтауға болады.
Содан кейін пастилаға қант ұнтағы себіліп, қораптарға қапталады. Алма пастиласын алты айдан тоғыз айға дейін сақтауға болады.
Сондықтан пастила пісірілмейді, өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін сақтау үшін ол кептіріледі. Ақуыз пектиннің пішінін сақтауға көмектеседі және пайдалы десертке мамықтық береді.
Әзірге алматылық пастила қаланың үш православие шіркеуінде сатылады: Вознесенск соборы, Әулие-Қазан соборы және Никольск соборы.
Жақында бұл тізім мегаполистің бірнеше супермаркетімен толықты. Кәсіпорынның алдағы жоспары – танымал десертті республиканың барлық аймақтарында сату.
Қазір наубайхана жұмыртқа ақуызы қосылмайтын майсыз пастила шығаруды жоспарлап отыр. Әзірге бұл технология дайындық сатысында.
Алматылық пастила қаланың нағыз визит карточкасына айналды, адамдар оны шайға пайдалы дәм ретінде және тәтті әрі ерекше кәдесый ретінде сатып алады, бүкіл әлемге таратуда.