Флайборд спортын Қазақстанға әкелдім – Олеся Колесниченко | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Флайборд спортын Қазақстанға әкелдім – Олеся Колесниченко

10538
5 минут
Флайборд спортын Қазақстанға әкелдім – Олеся Колесниченко

37 жастағы Олеся Колесниченко (өзін Леся деп атайды, - ред.) Қонаев қаласында тұрады. Мамандығы - инженер-механик. Алайда аяқ астынан экстремалды спортқа бет бұрған.

Леся – батыл әйел, сегіз жылдан бері Қазақстандағы экстремалды туризмді дамытып келеді.

 Фото из личного архива Олеси Колесниченко (1).jpg

Колесниченко эндуро-мотоцикл, квадроцикл, қарда жүретін көліктермен тур ұйымдастырумен де айналысады. Қазақстандықтың сөзінше, жаз мезгілін суда көптеген шаралар ұйымдастыруға болатыны үшін жақсы көреді.

Ол Superjet спорттық гидроциклдеріне алғашқылардың бірі болып отырған.

Леся на гидроцикле.jpg

Сондай-ақ Олеся Колесниченко ынта білдірген жандарға аталған спорттың қыр-сырын үйретеді.

«Flyboard-ты тіл білмеуіме байланысты өзге елдерде байқап көрмеген едім. Алайда 2023 жылды шақырту алдым. Аталған спорт түрін Қапшағай су қоймасында байқап көру мүмкіндігіне ие болдым, әйтпесе Flyboard тек арманым ғана еді. 2024 жылы арманым ақиқатқа айналды.

Бір рет байқап көріп, соншалықты көп эмоцияға ие болдым, ұшқан кезде адреналин алдым, осылайша Flyboard-ты сатып алдым. Шыны керек, арзан тұрмайды.

Фото из личного архива Олеси Колесниченко (2).jpg

Осы арманымды шындыққа айналдыру үшін көп жұмыс істедім, өзімді кей жерлерде шектеп, мақсаттарымды реттедім», - дейді Олеся.

Қыс мезгілінде ол әлеуметтік желінің көмегімен Ресейде тұратын флайбордистермен танысқан, олар Олесяға Flyboard-ты толық құраммен алуға қол ұштарын созды. Оның ішіне басқару пульті, байланысуға арналған арнайы гарнитура кіреді. Сонымен бірге ең мықты гидроцикл де алған.

Осы жазда Олеся Колесникова Қазақстанға ресейлік тәжірибелі флайбордист Павел Татурды шақырып, Қазақстан бойынша Flyboard-ты үйрететін тұңғыш мектептің негізін қалады.

Леся открыла школу.jpg

«Енді кез келген адам Қапшағай су қоймасына келіп, осынау тамаша сезімді басынан өткере алады», - дейді ол.

Спортшының сөзінше, Flyboard спортын үйренем деп келген әр адам үшін орасан зор жауапкершілікті сезінеді.

«Бұл – судағы ең әдемі спорт түрі. Қазір көптеген гидрофлай чемпионаттары өткізіліп, шабандоздар (адамдар) әртүрлі күрделі элементтерді көрсетеді. Flyboard шоуы әлемде өте танымал. Қалалық іс-шаралардан бастап, отбасылық ерекше мерекелерге дейін флайбордшыларды шақырады. Flyboard-ты сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін де жиі қолданып жатады. Басқа да қолданылатын сәттері көп», - дейді Олеся Колесниченко.

Фото из личного архива Олеси Колесниченко (5).jpg

Лесяның сөзінше, ұшуға дайындалуға көп уақыт кетеді, әсіресе шлангты орау және жазуға біраз күш жұмсалады. Айтпақшы, шлангтың салмағы судан тыс 35-40 килограммға дейін жетеді.

Жалғыз адамға бұның бәрі қиынға соғады, сондықтан көмекші алған. Олесяның көмекшісі Ресейдегі мықты флайборист маманнан оқып келген.

Басында не сезіндіңіз, қорқынышты болды ма?

«Биіктікке көтерілген сайын қорқыныш та көбейеді, сонымен қатар рахат сезімі мен эмоция да күшейе түседі. Жаңа элементті, жаңа трюктарды жасаған қорқынышты. Шлангқа соғылып, оралып қалуың немесе суға құлап, қатты соққы алуың мүмкін. Ал элементтерді орындаған соң жай ғана ұшып жүріп ләззат аламын. Күлкім, эмоциям, су үстіндегі биім көрерменге бұның қаншалықты керемет екенін көрсетеді. Өзіңді еркін құс сияқты сезіну сондай ғанибет. Басқа кез келген көңіл көтеретін шоулар сияқты Flyboard та көрерменді талап етеді», - дейді ол.

Леся с крыльями на закате.jpg

Қазақтың ұлттық киімімен шыққан кезде трюк орындау қиынға соқпады ма?

«Ұзын көйлек киіп бірінші рет ұштым. Көйлек, сәукеле мен ту элемент орындауымды қиындатқаны рас. Биіктік он бір метрден асты, осы номерді орындау барысында құтқару жилетін кимедім. Алайда бұл бекер болған жоқ. Лайықты бағасын алды».

Сізді жарыстарға қатысуға шақыра ма?

«Иә, мені Ресейге Flyboard бойынша өтетін чемпионатқа шақырды. Мемлекет, серіктестер не демеушілер тарапынан қолдау болса, өз елімнің туын өзге елдерде көтеруге болар еді. Өкінішке орай қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Мен аталған спорт түрін елімізде аштым деп айта аламын».

Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Анықтама:

Flyboard – бұл экстремалды спорт түрі және суда ұшу аттракционы. Flyboard – аяққа бекітілген платформа арқылы су ағынымен қозғалысқа келетін спорттық құрал. 2011 жылы бұл спорт түрін француз Фрэнк Запата ойлап тапқан.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...