Жасанды жолмен ұрықтандыруға діндер не дейді | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Жасанды жолмен ұрықтандыруға діндер не дейді

3213
7 минут
Жасанды жолмен ұрықтандыруға діндер не дейді
1978 жылы адамзат тарихында алғаш рет жасанды түрде ұрықтандыру нәтижесінде пайда болған сәби дүниеге келді. Сол күннен бастап 46 жыл өтсе де, ЖЖҰ (ЭКО) айналасында алып-қашпа әңгіме аз емес.

Қазіргі таңда анасының құрсағынан тыс жерде бала ұрықтандыру медицинаның жеңісі болып саналады.

ЖЖҰ арқылы пайда болған алғашқы бала – Луиза Браун. Оның анасы он жыл бойы бала көтере алмаған.

Қазақстанда 1996 жылы жасанды ұрықтандырумен алғашқы сәби дүниеге келді. 1997 жылы жасанды ұрықтандырумен туылған Алеся Шин ана болды. Ол табиғи жолмен босанды.

Қазіргі таңда әлем бойынша сегіз миллионнан астам адам осы бір жасанды ұрықтандыру нәтижесінде өмірге келгендер. Санаққа сүйенсек, әлемдегі әрбір алтыншы адам бедеу.

Қазақстанда квотаның арқасында көптеген отбасы ата-ана болу құқығын алуда. Елімізде күн сайын ЖЖҰ бағдарламасы арқылы 10 бала дүние есігін ашады.

Жасанды жолмен ұрықтандыру дегеніміз не?

Бұл – бедеу әйелге жүгінуге болатын қосымша репродуктивті технология. Оның айырмашылығы денеден тыс ұрықтандырылатындығында. Ерлі-зайыптылардан қажетті генетикалық материалдар алынып, аналық жасуша зертханада ұрықтандырылады, бұдан соң ол арнайы инкубаторға салынады. Ұрық дұрыс дамыған жағдайда оның бірнешеуі анасының жатырына енгізіледі.

Әлемдік діндер бұл туралы не дейді?

Ислам дінінде жасанды ұрықтандыру шариғатқа қарсы емес. Өз күйеуінің ұрығы мен өз әйелінің жұмыртқасын пайдаланған жағдайда мұсылмандар жасанды ұрықтандыруға қарсылық танытпайды. Алайда басқа донорлардың биологиялық материалдарын қолдану құпталмайды.

Діни басқарма шығарған үкім бойынша жасанды ұрықтандыру үшін донорлық қызметті пайдалану зина болып табылады. Сондықтан отбасы мүшелері медициналық көмекке жүгініп, емделуді құптайды. 

Католиктер шіркеуі жасанды жолмен ұрықтандыруға қарсы.

Православиелік христандар ше?

Педиатр, неонатолог, священниктің жұбайы, төрт баланың анасы Полина Дудченко былай деп өз пікірін білдірді:

«ЖЖҰ туралы нақты айта алмаймын, алайда потология болу қаупін жоққа шығармаймын. Бір күні Михаил Бойко әкейден жан сақтауға көзқарасын сұрадым. Егер Құдайдың еркі болмаса, ешқандай жан сақтау көмектеспейтінін айтты. Бұны ЖЖҰ-ға қатысты да айтуға болады. Құдайсыз ештеңе болмайды. ЖЖҰ жолымен дүниеге келген балалар табиғи емес жолмен ұрықтанатындықтан бәлкім қымбат дүниеден айырылып қалған болар. Кесір тілігімен босанған әйелдер туралы да осыны айтуға болады. Бұл да табиғи жол емес, алайда әйел мен баланың өмір сүрулеріне мүмкіндік береді. Бұндай балалар басқа табиғи жолмен дүниеге келген балалардан өзгеше көрінуі мүмкін, алайда бәрі Құдайдың қолында емес пе? ЖЖҰ-дан кейін әйелдер өздігінен бала көтеріп те жатады. Бұны қалай түсіндіре аламыз?».

ЖЖҰ тәжірибесінде бірнеше эмбрион өсіріледі. Артық эмбриондар қайда кетеді? Олар арнайы банкілерде сақталуы мүмкін, ғылыми мақсатқа қолданылып, өз эмбриондары жоқ өзге жұпқа берілуі мүмкін.

ЖЖҰ процедурасы әйел ағзасына барынша ыңғайлы. Эмбрион тасымалдаған кезде гармоналды препараттар қолданылмайды. Жұмыстың сәтті шығуы көп нәрсеге байланысты, соның ішінде болашақ ананың жас мөлшеріне де қарайды.

Қаскелең епископы, Астана епархиясының епископы Геннадийдің сөзінше, бұл отбасыға кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Репродуктивті технологияларды жетілдіру және оларды кеңінен енгізу отбасылық құндылықтардың одан әрі құнсыздануына және отбасылық-некелік қатынастардың барлық жиынтығының толығымен жойылуына әкеледі деген алаңдаушылық негізсіз емес. Баланың туылуы механикалық процесс емес. Ол отбасында жүзеге асырылады және екі адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты көптеген факторларға байланысты, ең жақын рухани және дене жақындығында жаңа өмір пайда болады.

Алайда, ұзақ жылдар бойы бедеулікпен ауыратын ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыруға жиі жүгінеді. Әрине, балалы болмау отбасылардың әл-ауқатына әсер етеді және кейде ажырасуға себеп болады. Орыс Православие Шіркеуінің канондық жауапкершілігі елдерінде ЖЖҰ әдісіне жүгінетіндердің саны артып келеді. Осыған байланысты шіркеудің бұған қатысты ұстанымы нақты көрсетілуі керек. Бір жағынан күнә болса, бір жағынан ақтауға келмейтін іс делінеді. "Әлеуметтік тұжырымдаманың негіздері" шыққаннан бері репродуктивті технологиялардың айтарлықтай дамуын ескере отырып, Орыс Православие Шіркеуінің қарастырылып отырған мәселеге қатынасының негізгі принциптерін нақтылау қажет», - деді ол.

P. S. Біз репродуктолог, медицина ғылымдарының кандидаты Тамара Жүсібалиевадан пікір алдық. Ол Қазақстандағы алғашқы ЖЖҰ зертханасының негізін қалаушы болып табылады. Ол біздің елімізде экстракорпоральды ұрықтандыру әдісін лицензиялауға қол жеткізді және 1995 жылы Қазақстан аумағында  алғашқы зертхананы ашты:

"ЖЖҰ рәсімін ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Біз пациенттерге мақсатқа жетудің көптеген әдістерін ұсынамыз. Біздің әдістеріміз жоғары этикалық талаптарға сай болуға мүмкіндік береді. Бүгін біз барлық пациенттерге ұрықтың дамуына қажетті бір эмбрионды трансплантациялаймыз. Қалғанының бәрін, әрине, консультацияда талқылауға болады, біз адамдардың барлық тілектерін ескереміз. Осы 30 жылға жуық уақыт ішінде IRM CLINIC арқасында 30 000-нан астам бала дүниеге келді. Бізге әртүрлі ұлттар мен діндердің отбасылары келеді. 1996 жылы біз тіпті мұсылмандар мен православие шіркеуінен біздің қызметімізді мақұлдайтын хаттар алдық".

Алматы және Семей архиепископы – Алексийдің хатында клиника ұсынған мынадай сөздер бар: "Осы салада әлемдік медициналық практикада жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, сіздің Орталықтың қызметкерлері біздің отандастарымызға лайықты және моральдық жауапкершілікпен көмек көрсететініне сенімдімін".


Скачивайте мобильное приложение АПН и читайте наши новости в своем смартфоне!
   Доступно в Google Play
  • Комментарии
Загрузка комментариев...

Читайте также