Онкологиялық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, диагностикалау және емдеу мемлекет тарапынан төленеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде пациентке ештеңе төлеудің қажеті жоқ.
Егер пациент онкологиялық және гематологиялық ауруға күдіктенсе, МСАК-та (емханаларда) пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация алуға және тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» бағыты енгізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі бар:
- сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)
- жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)
- колоректалдық обырға скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет).
Егер онкологиялық ауруға күдік болса, дереу тұрғылықты жері бойынша өз емханасына, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша онкологиялық орталыққа (онкодиспансерге) жүгіну қажет.
Фото: pixabay