Астанада шетелдік оқу орны ашылады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Астанада шетелдік оқу орны ашылады

8
1 минута
Астанада шетелдік оқу орны ашылады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Cardiff University Astana шетелдік оқу орнын ашу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды КЖА.

Құжатта білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және шетелдік оқу орнының ішкі жарғыларына сәйкес реттелетіні көрсетілген.

Шетелдік оқу орнын қаржыландыру республика заңнамасында тыйым салынбаған кез келген көздерден жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Cardiff University арасында Астанада халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін құру туралы меморандум 2024 жылғы 14 тамызда жасалды. 1883 жылы негізі қаланған Cardiff University әлемге танылған академиялық және ғылыми әлеуетке ие.

Бұған дейін Нархоз университетінде Queen's University Belfast филиалы кеңсесін ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Сурет: Cardiff University

  • Комментарии
Загрузка комментариев...