Мопедтерді қалай тіркеуге болады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Мопедтерді қалай тіркеуге болады

14
2 минуты
Мопедтерді қалай тіркеуге болады
Соңғы жылдары көшелерде мопедтердің саны арқтаны белгілі. Олардың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының саны да елеулі өсті. Осы орайда, баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді.

Бұл бағытта қабылданған негізгі шаралардың бірі – 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Енді мопед жүргізушілері көліктерін тіркеп, жүргізуші куәлігін алуы тиіс болады.

Мопедтерді пайдалану үшін:
  1. Полицияда тіркелу;
  2. А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  3. техникалық тексеру;
  4. азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
  • жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
  • кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
«5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Фото: pixabay
  • Комментарии
Загрузка комментариев...