Үлестік құрылыс объектілерін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Үлестік құрылыс объектілерін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

26
2 минуты
Үлестік құрылыс объектілерін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады
Енді қазақстандықтар EGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы салынып жатқан үлестік құрылыс объектілерінің заңдылығын тексере алады.

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.

«Жаңа сервис азаматтарға жылжымайтын мүлікке тәуекелді инвестицияларды белсенді түрде тексеруге және жосықсыз үлестік құрылыс компанияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қызмет енді барлық азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігіне жасалған тағы бір қадам», – деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Сервис пайдаланушыны «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіне бағыттайды, онда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кепілдігі немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар барлық заңды түрде салынып жатқан үлестік құрылыс объектілері туралы толық ақпарат ұсынылады.

Нысандар туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға 3 қарапайым қадамды орындау қажет: EGOV mobile қосымшасына кіріп, «Басты» бөліміне өтіп, «Басқа қызметтер» батырмасын басу. Одан кейін, қызметтер тізімінен «Тұрғын үй порталын» тауып, тиісті бетке өту үшін батырманы басукерек. Сосын тұрғын үй порталында объектіні іздеу үшін пайдаланушыға БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу қажет.

фото: pixabay.com
  • Комментарии
Загрузка комментариев...