Қазақстанда күн жылынады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстанда күн жылынады

16
1 минута
Қазақстанда күн жылынады
Синоптиктер Қазақстанда 12-14 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Кәсіби жаңалықтар агенттігі.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, елде ауа температурасы жаймен көтеріледі. Республика аумағының көп бөлігінде ауа райын Солтүстік циклонының ойысы анықтайтын болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын қалыптастырады. Синоптиктердің болжамы бойынша, қар жауады, боран соғып, екпінді жел күтіледі.

«13, 14 желтоқсанда батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар, тайғақ болады», – делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Айта кету керек, түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі тек елдің батысында күтіледі – 0-8 градус аязға дейін, ал қалған аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады:

Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде – 3-10 градус аяз;
Қазақстанның орталығында – 5-13 градус аяз;
Шығыста – 10-20 градус аяз;
Республиканың оңтүстік-шығысында – 0-10 градус аяз;
Оңтүстік өңірлерде – 8 градус аяздан 2 градус-қа дейін жылынады.

Сурет ашық дереккөзден алынды 
  • Комментарии
Загрузка комментариев...