Қазақстанда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі қайта жанданады | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қазақстанда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі қайта жанданады

12
3 минуты
Қазақстанда «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі қайта жанданады
Алматыда 24 қарашада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастырды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шараны ашып, «Еуразия» кинофестивалінің Қазақстан мен Орталық Азияның бірегей форумы және мәдени брендіне айналғанын атап өтті.

Аида Балаева.jpeg

«Бүгінде отандық кино саласы түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Ең алдымен, мемлекет пен киноөндірушілер арасындағы өзара әрекеттестік механизмі жетілдірілуде, оның ішінде қаржыландыру мәселесі де бар. Әрине, қиындықтар та бар, бірақ, біз кино саласын мақсатты түрде дамыту, заңнамалық базаны жетілдіру, қаржыландыру және контент өндірісін ашық ету, талантты режиссерлерге қолдау көрсету, киноөнер қайраткерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашу, сондай-ақ отандық киноиндустрияның үздік жобаларын қайта жаңғырту және қолдау жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл кинофестивальдің өту себебі де осы. Болашақта аңызға айналған «Шәкен жұлдыздары» фестивалін жандандыруға бар күшімізді саламыз», – деді министр.

Сонымен қатар, Балаева 2025 жылдың басынан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақфильм» киностудиясына тікелей қаржыландыру құқығына ие болатынын және тиісті заң жобасы жылдың соңына дейін Қазақстан Президентінің қол қоюына жіберілетінін атап өтті.

«Егер заң қабылданатын болса, елімізде фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы тікелей «Қазақфильм» АҚ-ға бөлінеді. Бұл көптеген өзекті мәселелерді шешіп, киностудияның мұрасын сақтауға, қаржылық жағдайын тұрақты етуге және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кино – бұл тек өнер емес, сонымен бірге, халықтың рухани болмысын көрсететін және әлемді оның мәдениетімен таныстыратын қуатты құрал. Қазіргі уақытта қазақстандық кино әлемдік аренада өз орнын иеленіп, бүкіл әлемдегі киносүйер қауымның жүрегін жаулап алуда. Біздің отандық кино халықаралық деңгейде лайықты бағаланып, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді насихаттап, ілгерілетуде. «Еуразия» кинофестивалі – мәдениет пен өнердің шексіз кеңістігінде бірлік пен ынтымақтастыққа жол ашатын маңызды алаң болып қала бермек.

Бүгінгі фестиваль жаңа идеялар мен жобалардың бастамасы болып, киноиндустрияға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Балаева.

«Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламасына Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап Австрия мен Катарға дейінгі әртүрлі елдердің жұмыстары енді. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар жаһандық тақырыптарды жергілікті контекстпен ұштастырған жобаларын ұсынады.

Фото: КЖА, pexels
  
  • Комментарии
Загрузка комментариев...