Қандай тағамдар адамның тез қартаюына ықпал етеді | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Қандай тағамдар адамның тез қартаюына ықпал етеді

280
5 минут
Қандай тағамдар адамның тез қартаюына ықпал етеді
Дұрыс тамақтану арқылы адам кейбір ауруларды емдеп қана қоймай, ағзаны жасартып, өмірін ұзарта алады. Дерматовенеролог Ирина Сегут ол үшін қандай тағамнан бас тарту және рационға қандай өнімдерді қосу керектігін айтып берді.

Мәселен, шай, шұжық қосылған бутерброд немесе тұздалған қияр сізді екі-үш жылға қартайтуы мүмкін. Өйткені, өнімдер ағзаны ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендер түріндегі энергиямен және пайдалы заттарымен қамтамасыз етуімен қатар, оны қышқылдандыруға немесе сілтілеуге қабілетті.

Қартаюдың негізгі факторы – ағзаның шамадан тыс қышқылдануы. Олардың жасушааралық кеңістікте жиналуы жасушалардың қызметін айтарлықтай төмендетеді. Шамадан тыс қышқылдану әсерінен жасушалардың жұмыс сапасы төмендейді немесе олар мүлдем жойылады. Дәл осы жасушалардың әрекетсіздігі ағзаның қартаюына соқтырады.

Избежать этого и замедлить старение поможет ощелачивание. Это действия, которые направлены на поддержание pH-равновесия внутренней среды организма. Они основаны на использовании методов, которые способствуют увеличению уровня щелочности. В норме pH баланс колеблется от 7,35 до 7,45. Продукты также имеют либо кислотную, либо щелочную среду, соответственно, употребляя ту или иную пищу, мы либо омолаживаем организм, либо старим его.

"Сондай-ақ қышқылдану процесінде митохондриялардың– жасуша органеллаларының жұмысы бұзылады. Бұл адамның табиғи энергия батареялары болып табылады. Қышқылдану әсерінен олардың метаболизмі үнемді қызмет ете бастайды. Нәтижесінде энергия аз өндіріледі, тазарту процестері баяулап, жасушааралық кеңістік бітеледі", – дейді Ирина Сегут.
Мұның алдын алуға және қартаюды баяулатуға сілтілеу көмектеседі. Бұл ағзаның ішкі ортасының рН тепе-теңдігін сақтауға бағытталған әрекеттер. Олар сілтілік деңгейінің жоғарылауына ықпал ететін әдістерді қолдануға негізделген. Қалыпты жағдайда рН тепе-теңдігі 7,35-тен 7,45-ке дейінгі деңгейде болады. Өнімдерде қышқылды немесе сілтілі орта бар, сәйкесінше, қандай да бір тағамды жеу арқылы біз ағзаны жасартамыз немесе керісінше, қартайтамыз.

Қартаюды жеделдететін тағамдар тізімінде бірінші орында – өңделген ет, яғни шұжық, сарделька және т.б. Олар қабыну реакцияларының өсуін тудырып, ағзаның құрғауына себеп болады. Сондай-ақ бұл өнімдер жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады, қант диабеті мен колоректальды қатерлі ісік тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, көптеген шұжықтарға қосылатын қант тері мен тіндердің серпімділігіне жауап беретін коллаген талшықтарын бұзады. Шамадан тыс тәтті өнім ағзадағы ақуыздардың гликациясын тудырады. Бұл тамырларды әлсіз етіп, теріге әжім түсіретін токсиндердің пайда болуына әкеледі.

"Қартаюды жеделдететін өнімдердің қатарына маргаринді жатқызуға болады. Оның құрамындағы көптеген транс майлардың әсерінен тері ультракүлгін сәулелерге қарсы қорғаныш қасиетін жоғалтады, нәтижесінде пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін", – дейді маман.
Адамдардың фастфудтың зиянын біле тұра, одан бас тартуға ниеттенбейтіні өкінішті. Бұл тағамдардың құрамында крахмалдар мен жоғарыда аталған майлардың мөлшері көп. Табиғи компоненттер бояғыштармен, қоюландырғыштармен және ароматизаторлармен алмастырылады. Үнемі фастфуд тұтынатын адамдардың ағза жасушалары біртіндеп жаңару қабілетін жоғалтады, бұл тез қартаюға әкеледі.
"Алкогольді шамадан тыс тұтыну да қартаю процесін жеделдетеді. Ол когнитивті қызметтердің төмендеуіне ықпал етеді және психикалық денсаулықты нашарлатады. Ғалымдардың пікірінше, алкоголь тұтынатындарда Альцгеймер ауруы тұтынбайтындарға қарағанда шамамен бес жыл бұрын дамиды", – дейді Ирина Сегут.
Зиянды тағамдар қатарында консервілер де бар. Олардың құрамындағы қанттар, майлар және тас тұздары жасуша құрылымдарының бұзылуына соқтырады. Сондай-ақ консервіленген балықтарда – гельминттер, саңырауқұлақтарда – ауыр металдар, ал ет құрамында көптеген патогендер мен токсиндер болуы мүмкін.
"Қарапайым ас тұзы да адамның тез қартаюына әсер етеді. Америкалық ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, аталған өнімді күнделікті бес грамнан артық тұтынатын адамдар өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінеді. Бұл олардың ағзасындағы зат алмасуының, ас қорыту процесінің және су балансының бұзылуымен анықталады", – дейді маман.
Ақ ұннан жасалған ұн және нан өнімдері де адамдарды ерте қартайтады. Бұл өнімдер ағзаға түскеннен кейін глюкозаға айналады, ал оның шамадан тыс мөлшері теріге теріс әсер етеді.
"Адамның уақытынан бұрын қартаюына қуырылған тағамдар да ықпал етеді. Себебі маймен дайындалған тағамдар ағзаға канцерогенді заттар түсіреді. Олар қант сияқты коллаген мен эластин талшықтарын бұзады. Нәтижесінде тері босап, әжімдер түседі", – дейді дәрігер.
Бұл тізімге тазартылған дәнді дақылдар да кіреді. Олардың құрамындағы қарапайым көмірсулар ағзада глюкозаға айналады. Ал бұл моносахаридтің шамадан тыс мөлшері жоғарыда айтылғандай, қартаю процесін жеделдетеді.
"Таңғалуыңыз мүмкін, бірақ пастерленген сүт те ерте қартаюға себеп болады. Сондықтан өңделмеген және майдың қалыпты пайызы бар жергілікті өндірушілердің табиғи өнімдерін сатып алған дұрыс", – деп түсіндіреді маман.
Источник -  zakon.kz

Читайте также

  • Комментарии
Загрузка комментариев...